«Мектепке жол» республикалық акциясы мектеп оқушыларын жалпыға бірдей міндетті біліммен қамтамасыз ету мақсатында өткізіледі.
Акцияның мақсаты – аз қамтылған оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
Акцияның басталуы 2024 жылдың 1 тамыздан бастап, аяқталуы — 2024 жылдың 30 қыркүйегінде деп жоспарлануда.
